16 шілдеде Павлодар облысында аптап ыстық сақталады

16 шілдеде Павлодар облысында аптап ыстық сақталады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, түнде облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Ауа температурасы +17…+22 градус аралығында болады. Күндіз өңірде +30…+35 градусқа дейін қатты ыстық болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ және дауыл болуы ықтимал. Желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді.

Павлодар қаласында түнде бұлтты ауа райы сақталып, жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы +19…+21 градус болады. Күндіз облыс орталығында ауа температурасы +32…+34 градусқа дейін көтеріледі. Жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін.