17 маусымда Павлодар облысында аптап ыстық сақталады
Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды, күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде екпіні 15-20 метрге дейін күшейеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы +17...+22°C болады. Облыстың батысы мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Күндіз өңірде қатты ыстық сақталып, ауа температурасы +30...+35°C-қа дейін көтеріледі. Облыстың батысы мен солтүстігінде жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі.
Павлодар қаласында түнде +18...+20°C болады. Күндіз сынап бағанасы +30...+32°C-қа жетеді. Ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз.