Павлодарда жәрмеңке өтеді

Павлодарда жәрмеңке өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жәрмеңкеге қалалардан бөлек аудандардан азық-түліктер қойылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, Космонавтов және Торговая көшелерінің қиылысында, нақтырақ айтқанда Торговая көшесі, 2А мекенжайында 2 наурыз күні жәрмеңке ұйымдастырылады. 

Жәрмеңкеге Железин, Павлодар, Шарбақты аудандары және Павлодар, Ақсу қалалары сияқты ауылдық аудандардың тауар өндірушілері қатысады.

Еске сала кетейік, мемлекет басшысы 2022 жылғы 5 қаңтардағы негізгі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөнінде тапсырма берген еді.