18 наурызда Павлодар облысында жауын-шашын күтіледі

18 наурызда Павлодар облысында жауын-шашын күтіледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы -2...-7°C, ал облыстың шығысында -10°C дейін төмендейді. Облыстың солтүстігінде аздаған қар жауады, батысында, оңтүстігінде және шығысында тұман күтіледі. Күндіз ауа температурасы 0...+5°C болады. Солтүстікте аздаған жауын-шашын (қар, жаңбыр) болжанады. Облыстың батысы, оңтүстігі және шығысында тұман болады.

Павлодар қаласында түнде -5...-7°C, күндіз +1...+3°C болады. Ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман күтіледі.