19 маусымда Павлодар облысында аптап ыстық сақталады

19 маусымда Павлодар облысында аптап ыстық сақталады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, күндіз облыстың оңтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы +17...+22°C болады. Жауын-шашын күтілмейді. Күндіз аптап ыстық болып, ауа температурасы +32...+37°C-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашынсыз.

Павлодар қаласында түнде +18...+20°C. Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз сынап бағанасы +32...+34°C дейін көтеріледі. Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз.