2 маусымда Павлодар облысында ыстық болады

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, сынап бағанасы +26...+31 °C-ты көрсетеді. Ауа райы жаңбырлы болады, облыстың батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды.
Павлодарда ауа температурасы +28...+30 °C-қа дейін көтеріледі. Күндіз көшпелі бұлтты, жаңбыр жауады.