Ақтоғай ауданында қансорғыш жәндіктерге қарсы дезинсекция жоспары талқыланды

Ақтоғай ауданында қансорғыш жәндіктерге қарсы дезинсекция жоспары талқыланды
Фото: pexels.com

Аталмыш мәселеге байланысты жұмыс кеңесі өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Аудан әкімі өзінің ресми «Instagram» парақшасында мәлімдегендей, кеңеске жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы Әйгерім Қабылтаева, дезинсекциялық қызметтер мен ғылыми сүйемелдеуді жеткізушілер, сондай-ақ ауылдық округтердің әкімдері қатысты.

– Ағымдағы жылы біз авиация мен тосқауылды өңдеуді пайдалана отырып, 20 мың гектар аумақты қансорғыш жәндіктерге қарсы өңдеумен қамтуды жоспарлап отырмыз, – делінген хабарламада.

Кеңесте дезинсекциялық жұмыстарды жүргізудің стратегиясы мен әдістері талқыланды, сондай-ақ іс-қимылдың нақты жоспарлары әзірленді.