20 ақпанда Павлодар облысында жауын-шашын күтілмейді

Түнде және таңертең облыстың оңтүстігі мен батысында тұман болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, оңтүстік-батыс желінің екпіні секундына 5-10 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде -15...-20, облыстың оңтүстігінде -13, күндіз -8...-13 болады.
Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Сынап бағанасы түнде -17...-19, күндіз -8...-10 градус көрсетеді.