Павлодарлықтар қала әкіміне өзекті мәселелерін жеткізді

Павлодарлықтар қала әкіміне өзекті мәселелерін жеткізді
Фото: Константин Шелков

Тұрғындармен кездесу облыс әкімі Асайын Байхановтың тапсырмасы бойынша өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қала әкімі Хасар Хабылбеков №39 мектеп маңындағы сквер жанында орналасқан үйлердің тұрғындарымен кездесті. Жүздесу барысында аумақты абаттандыруға қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Тұрғындар сквердегі жарықтандыруды жақсарту, футбол алаңындағы қоршау торын ауыстыру, аула жолдарын реттеу, ағаштарды санитарлық кесу және жаяу жүргіншілер жолын салу қажеттігін айтты.

Қала әкімінің айтуынша, алдағы уақытта ағаштарды санитарлық кесу және футбол алаңындағы қоршау торын ауыстыру жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ жақын күндері жаяу жүргіншілер жолын абаттандыру басталады.