2023 жылдағы Қазақстанда ең танымал 10 есім белгілі болды

2023 жылдағы Қазақстанда ең танымал 10 есім белгілі болды
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Былтыр жаңа туған нәрестелерге ең көп қойылған есімдер 2022 жылмен салыстырғанда айтарлықтай өзгеріске ұшыраған жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі

Бұл туралы ҚР Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметінде мәлім етті.

–  2023 жылы қыздарға ең жиі қойылған 10 есім тізімі өзгеріссіз қалса, ұлдар арасында Хамза есімі Рамазан есімін ығыстырып, алғашқы ондыққа кірді,– делінген хабарламада.

Өткен жылы ұлдар арасында Алихан, Омар, Амир, Алдияр, Айсұлтан, Алан, Али, Нұрислам, Мухаммад, Хамза есімдері ең көп қойылды.

Ал қыздар арасында Медина, Айша, Айлин, Асылым, Сафия, Томирис, Раяна, Амина, Аяла, Айым есімдері ерекше танымалдылыққа ие болды.

Аталған тізімді 2013 жылмен салыстыратын болсақ, Алихан, Амир және Нұрислам есімдері ұлдар арасында әлі де жиі қойылып келе жатыр. Қыздар арасында Айша мен Амина есімдері соңғы он жылдағы әлі де жиі қойылатын есімдер қатарында.