2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланды

2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Ақорданың сайтында жарияланған құжатта цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы жазылған.

Цифрландыруды одан әрі дамыту және жасанды интеллектіні жаппай ендіру мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті қаулы етеді:

1. 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялансын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Цифрландыру және жасанды интеллект жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.