21 наурызда Павлодар облысында көктайғақ болады

Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін соғады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, жұма күні қар аралас жаңбыр жауады, жаяу бұрқасын мен көктайғақ күтіледі. Сынап бағанасы күндіз 0...+5 °C-ты көрсетеді.
Павлодарда көшпелі бұлтты, қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +3...+5 °C-қа дейін жылынады.