23 мамырда Павлодар облысында найзағай күркірейді

Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, жұма күні ауа температурасы +25...+30 °C-қа дейін көтеріледі. Облыста жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл соғып, найзағай күркірейді.
Павлодарда сынап бағанасы күндіз +27...+29 °C-ты көрсетеді. Көшпелі бұлтты, жаңбыр, найзағай,бұршақ, дауыл күтіледі.