Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Облыс әкімінің өкімімен бұл қызметке Әділ Исин бекітілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Әділ Болатұлы 1992 жылы туған. «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» және «Экономика» мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар.

Еңбек жолын 2015 жылы Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясында жетекші маман қызметінен бастады. 2016 жылдан 2018 жылға дейін осы инспекцияда бас маман болып қызмет атқарды.

2018-2020 жылдар аралығында Павлодар қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде бас маман, кәсіпкерлікті дамыту секторының меңгерушісі лауазымдарында еңбек етті.

2020-2024 жылдары Ертіс ауданы мен Екібастұз қаласының жер қатынастары бөлімдерін басқарды.

2024 жылдан бастап осы лауазымға тағайындалғанға дейін ҚР АШМ агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Павлодар облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.