Ертіс ауданының тұрғыны 40 жылдан астам құжатсыз жүрген

Ертіс ауданының тұрғыны 40 жылдан астам құжатсыз жүрген
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бәкен Жатенов Ертіс ауылында туып-өскен, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, зейнеткер кәсібилігі мен жауаптылығы үшін Ертіс ауданы көші-қон қызметінің қызметкері Бақыт Ермекбаеваға алғыс білдіріп, бейнеөтініш жолдаған. 

Ол 1974 жылы Кеңес Армиясының қатарына шақырылып, Чехословакияда қызмет еткен. Демобилизациядан кейін Санкт-Петербург қаласында Киров зауытында жұмыс істеген, сол жерде төлқұжат алған. 

– 1981 жылы Алматы қаласына тұрақты тұруға көштім, көшу кезінде «қызыл төлқұжатымды» жоғалтып алдым. Құжатты қалпына келтіру мәселесі бойынша ешқайда бармадым. Осы уақыт бойы құжатсыз өмір сүрдім, –  дейді Бәкен Жатенов. 

Ведомствода заңнаманы білмеу және өмірлік жағдайлар құжаттардың уақтылы дайындалмауына себеп болатынын айтады. Осы кезеңде ер адам ресми жұмысқа орналаса алмаған және медициналық мекемелерге жүгіну мүмкіндігі болмаған.