Тамыздағы ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды

Тамыздағы ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Тестілеуге қатысуға құжаттар 5 тамызға дейін қабылданады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

25 шілдеден бастап тамыз айында өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш қабылдау басталды. Құжаттарды 5 тамызға дейін Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайты немесе UTO.kz мобильді қосымшасы арқылы тапсыруға болады.

Тамыз айындағы ҰБТ 10–15 тамыз аралығында өтеді.

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, бұл тестілеу жоғары оқу орнына ақылы негізде түсу үшін ҰБТ-ны қайта тапсырғысы келетін талапкерлерге, сондай-ақ бұған дейін шекті балл жинай алмаған талапкерлерге арналған.

Сонымен қатар бұрын ҰБТ тапсырған талапкерлер тамыздағы тестілеуге тіркелу кезінде бейіндік пәндер комбинациясын өзгерте алады.

Өтініштер 25 шілде мен 5 тамыз аралығында қабылданады, ал тестілеу 10–15 тамыз күндері өтеді.