23 қыркүйекте Павлодар облысында аспанды бұлт торлап, тұман түседі

23 қыркүйекте Павлодар облысында аспанды бұлт торлап, тұман түседі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы +5...+10°C болады. Жауын-шашынсыз. Облыстың солтүстігі мен орталығында тұман түседі. Күндіз ауа температурасы +16...+21°C-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашын болмайды.

Павлодар қаласында түнде ауа температурасы +6...+10°C болады. Ауа райы жауын-шашынсыз, тұман түседі. Күндіз +18...+20°C, жауын-шашынсыз болады.