Павлодар облысында жемістер мен көкөністер қымбаттады
Сарапшылар желтоқсанда бағалар қалай өскенін саралады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық статистика департаментінің мәліметінше, өңірде азық-түлік тауарлары тобында жарма – 2,5%-ға, кондитерлік өнімдер – 1,4%-ға, ет (ет өнімдерін қоса алғанда) 0,3%-ға, оның ішінде құс еті – 1,9%-ға, майлар мен тоң майлар – 0,3%-ға қымбаттады. Алкоголь өнімдері мен темекі өнімдерінің бағасы 1,3%-ға өсті.
Жемістер мен көкөністерден қырыққабат – 4,4%-ға, сәбіз 1,2%-ға, пияз – 0,9%-ға арзандады, сонымен қатар лимон бағасы 15,9%-ға, апельсин – 2%-ға, картоп – 0,3%-ға, қымбаттады.
Азық-түлік емес тауарлардың ішінде бензин 4,6%-ға, тұрмыстық аспаптар – 1,8%-ға, көлік – 2,6%-ға қымбаттады.
Ақылы қызметтер саласында тұрғын үй үшін нақты жалгерлік төлем 4,8%-ға көтерілді.