Павлодарлықтар Баянауылдағы экологиялық сенбілікке қатыса алады

Павлодарлықтар Баянауылдағы экологиялық сенбілікке қатыса алады

Ол екі күнге созылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Жыл сайынғы "Таза Баян – Таза жүрек" сенбілігі 8-9 маусымда Баянауыл ауданында өтеді. Іс-шара облыстың кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы Баянауыл ауданы әкімдігінің және Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қолдауымен өткізеді.

- Жасыбай мен Торайғыр көлдерінің жағасын қоқыстан тазарту, Кемпіртас, Қоңыр әулие, "бақсылар шатқалы", Жасыбай қабірлері, серпантин және Жасыбай асуы маңындағы аумақты ретке келтіру жоспарлануда, - делінген хабарламада.

Сенбілікке "Жасыл Ел"отрядтарының жүзден астам студенттері, белсенділер мен сарбаздар қатысады. Осы топқа аймақтағы кез келген адам қосыла алады. Ол үшін +7 705 162 0044 нөміріне хабарласу қажет.