24 ақпанда Павлодар облысында көктайғақ болады

24 ақпанда Павлодар  облысында  көктайғақ болады
Фото: Константин Шелков

Таңертең және күндіз қар түрінде жауын-шашын жауады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.@Pavlodarnews.kz

«Қазгидромет» РМК мәліметінше,  күн бұлтты, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші секундына 9-14 метрді құрайды.

 Ауа температурасы түнде 1-3 аяз,  күндіз 0-2 градус жылы болады.

Атлантикалық циклон жырасының және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен ҚР басым бөлігінде құбылмалыз ауа райы сақталады – қар және жаңбыр жауады, тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

ҚР бойынша көктайғақ, тұман, бұрқасын болып, жел күшейеді.