Павлодарда жасөспірім қыз жоғалып кетті
Оның жоғалып кеткеніне бірнеше сағат өткен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«VITA» іздестіру жасағының еріктілері 15 жастағы павлодарлықты іздеуде.
1 мамырда Руслана Ткаченко Радио зауыттағы үйінен белгісіз бағытта шығып, қайтып оралмаған. Іздеу жасағының мәліметінше, туыстары мектеп оқушысының жоғалып кеткенін бірден жариялап, іздеуге негіз болған.
Руслананың бойы – 156 сантиметр, арықша келген, шашы ақсары түсті. Қызыл капюшоны бар жемпір, ашық көк түсті леггинс және қара аяқ киім киген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еріктілер жоғалған жасөспірім туралы ақпарат болса, келесі нөмірлерге қоңырау шалуды сұрайды: +7 747 615 5563 немесе +7 777 334 8201.