30 қазанда Павлодарда қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін
Желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі
Павлодар облысында түнде ауа температурасы 0…+5 градус, облыстың солтүстігінде -3 градусқа дейін төмендейді.
Күндіз ауа температурасы +2…+7 градус шамасында болады. Өңірдің кей жерлерінде жаңбыр мен қар жауып, батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман мен көктайғақ күтіледі.
Павлодар қаласында түнде ауа температурасы 0…+2 градус, күндіз +3…+5 градус болады деп болжануда. Түнде жаңбыр мен қар жаууы мүмкін.