24 қыркүйекте Павлодар облысында жаңбыр жаууы мүмкін
Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетеді. Ал облыстың солтүстігі мен шығыс бөлігінде желдің екпіні 15–20 метрді құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәлімдеуінше, облыста түнде ауа температурасы +5…+10 °C болса, күндіз сынап бағаны +15…+20 °C-қа дейін көтеріледі. Өңірдің солтүстігі мен шығысында жаңбыр жаууы мүмкін.Сонымен қатар, түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.
Ал Павлодар қаласында түнде ауа температурасы +5…+7 °C, күндіз +18…+20 °C болады деп болжануда. Күн райы ашық, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.