Екібастұзда автобуста отырған мас адам шығарылды
Ол мас күйінде №9 маршруттық автобуспен жүрген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күндіз полицияға қоғамдық көлікте мас адам отырғанын және өзін дұрыс ұстамай, жолаушылардың ескертулерін елемегені жайлы шағым түскен.
– Шақыртуға келген полиция қызметкерлері 55 жастағы тұрғынды анықтады, ол мас күйінде №9 маршруттық автобуспен жүрген, – дейді департаментте.
Ер адам куәландырылып, есін жинағанға дейін уақытша бейімделу және детоксикация орталығына орналастырылды. Сондай-ақ, бұзушыға қатысты қоғамдық көлікте мас күйінде пайда болғаны үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік хаттама толтырылды.
Естеріңізге сала кетейік, 11-15 қаңтар аралығында ел аумағында «Тасымалдаушы» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram