25 маусымда Павлодар облысында қатты жаңбыр жауады
Түнде шығыста, облыстың орталығында қатты жаңбыр жауады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, күндіз батыста, облыстың оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл соғады. Солтүстік желінің екпіні секундына 9-14, найзағай кезінде 15-20 метрді құрайды.
Ауа температурасы түнде +3...+8, күндіз +9...+14, облыстың оңтүстігінде +17 градус ыстық болады.
Павлодар қаласында түнде және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.