25 қыркүйекте Павлодар облысында аздаған жаңбыр мен тұман күтіледі

25 қыркүйекте Павлодар облысында аздаған жаңбыр мен тұман күтіледі
Фото: Константин Шелков

Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрді құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің ақпараты бойынша, облыс бойынша температура түнде +4...+9 градус болады. Облыстың солтүстігінде аздаған жаңбыр, тұман күтіледі. Күндіз +13...+18°C көрсетеді.  Жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Павлодарда сынап бағанасы түнде +6...+ 8, күндіз + 16...+ 18°C градус көрсетеді.  Ауа райы құбылмалы болады.