Асайын Байханов тұрғындарға қажырлы еңбек үшін алғыс айтты

Асайын Байханов тұрғындарға қажырлы еңбек үшін алғыс айтты
Фото: pexels.com

Облыс әкімі өзінің ізгі тілегін жариялады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz

Асайын Байханов өзінің жеке Instagram парақшасында жерлестерді Еңбек күнімен құттықтады. Ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың еңбек адамы ерекше құрметке ие болуы керек және өз ісінің мамандары қашан да қоғамның назарында болуға тиіс екені жайлы сөздерін еске салды. 

– Облыста дәстүрлі түрде ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан еңбек әулеттері бар. Павлодар Ертіс өңірі тұрғындарының қажырлы еңбегінің арқасында қазақстандықтардың төрттен бір бөлігі мұнда өндірілетін электр қуатын пайдаланады, ал, барлық жылу энергетикалық станциялардың 2/3 бөлігі Екібастұз көмірін пайдаланады.Металлургтер, кеншілер, шаруалар, дәрігерлер, мұғалімдер және тағы да басқалары аянбай өз үлестерін қосуда, – деп жазды аймақ басшысы. 

Асайын Байханов облыс тұрғындарына өңірімізге және елімізге игілік әкелетін қажырлы еңбектері мен патриотизмдері үшін алғысын білдірді.