29 мамырда Павлодар облысында жаңбырлы ауа райы сақталады
Күндіз ауа температурасы...+30°C дейін көтеріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы +9...+14°C болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр, бұршақ және дауылды жел күтіледі. Күндіз ауа температурасы +25...+30°C болады. Облыстың солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен найзағай болуы мүмкін.
Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, түнде облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 метрге дейін жетеді.
Павлодарда түнде ауа температурасы +11...+13°C. Ауспалы бұлтты, жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз +26...+28°C. Ауыспалы бұлтты, жаңбыр, найзағай, бұршақ болады.