Мойылды ауылында интернет мәселесі шешілді

Мойылды ауылында интернет мәселесі шешілді
Фото: Константин Шелков

Қала әкімі Ержан Иманзайыповтың Мойылдыда өткен екінші есеп беру кездесуінде Beeline және Tele2 операторларының ұялы байланыс сапасы мәселесі көтерілді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

–  «КаР-Тел» ЖШС телекоммуникациялық компаниясы антеннаны қоятын орынды зерттеді. Алайда бұл жер егжей-тегжейлі жоспарға сәйкес келмейді. Жергілікті әкімдік Қабанбай батыр мен Қазыбек би көшелерінің қиылысында басқа жер учаскелерін ұсынды. Оны рәсімдеу жұмыстарын мамыр айының соңына дейін аяқтаймыз, содан кейін антенна орнатылады, – деп жазды Ержан Иманзайыпов Іnstagram-парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы ауылда дене шынықтыру-сауықтыру кешені іске қосылды. Аталған спорт кешеніне облыс әкімінің қолдауымен жаңа ГАЗель сатып алынды. Енді Мойылды балалары түрлі деңгейдегі жарыстарға бара алады. Сонымен қатар әйелдерге арналған тренажер залы ашылды.

Ауылда жол инфрақұрылымын дамыту аясында Ұлы дала мен Атамекен көшелерін асфальттау жұмыстары басталып, мектепке дейін тротуар жасалуда.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @yerzhan_imanzaipov