Павлодардың қоғамдық орындарында оннан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды
Арнайы іс-шара қаланың теміржол вокзалы мен әуежайындағы қызмет көрсетілетін аумақта өткізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық станциядағы желілік полиция бөлімінің мәліметінше, 10-20 мамыр аралығында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, көшелердегі және басқа да қоғамдық орындардағы қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында Павлодар станциясында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.
– Іс-шара Павлодар қаласының теміржол вокзалы мен әуежайындағы қызмет көрсетілетін аумақта құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тиісті құқықтық тәртіпті сақтау мақсатында өткізіледі, – дейді баспасөз орталығында.
Құқықтық тәртіпті сақтау ЖПШ шеңберінде құқық қорғау органдары әкімшілік құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын негізге алатын болады. Павлодар станциясындағы желілік полиция бөлімі облыс тұрғындары мен қонақтарын осы оқиғаға түсіністікпен қарауды және құқық бұзушылықтарды анықтауға көмектесуді сұрайды.
«Құқықтық тәртіп» іс-шарасы барысында 15 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде:
- Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 492 бабы 2-бөлігіне сәйкес (жеке куәлiксiз немесе жарамсыз жеке куәлікпен не тұрғылықты жері бойынша, уақытша болатын жері бойынша тiркеусіз тұруы) – 2;
- 437 баптың 1-бөлігіне сәйкес (тыныштықты бұзу) – 5;
- 440 баптың 1-бөлігіне сәйкес (алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде келу) – 5;
- 442 баптың 2-бөлігіне сәйкес (Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде болуы) – 3.
Павлодар станциясы желілік полиция бөлімінің қызмет көрсету аймағында қылмыстар немесе құқық бұзушылықтар жасалғаны туралы ақпарат немесе басқа да маңызды ақпарат болса, +7(7182)37-26-68 телефоны бойынша хабарласуға болады.