8 наурыз мерекесінде қанша қыз дүниеге келді?

Қазақстанда перзентханалардың акушер-гинекологтары 764 босандыруды сәтті жүргізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, барлығы 769 сәби, оның ішінде 366 қыз, 403 ұл дүниеге келді. Сондай-ақ бес егіз енді 8 наурызда туған күнін атап өтеді.
Жаңа туған нәрестелердің ең көп саны Түркістан облысында тіркелді, онда 126 бала туды, екінші орында Алматы – 76 сәби, Шымкент – 71 және республиканың астанасында 65 бала дүниеге келді.