9 қазанда Павлодар облысында аздаған жаңбыр жауады

9 қазанда Павлодар облысында аздаған жаңбыр жауады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Облыстың шығыс бөлігінде жауын күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, оңтүстік-батыс желінің екпіні секундына 7-12 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде +7..+12 градус, күндіз +17..+22 градус жылы болады. 

Пвлодар қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Сынап бағанасы түнде 8...+10, күндіз +18..+20 градус көрсетеді.