Аққулы ауданында «Туған жер» этнофестивалі өтті

Шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Аққулы ауданы білім беру бөлімінің әдістеме кабинетінің жоспарына сәйкес «Туған жер» аудандық этнофестиваль байқауы білім беру мекемелерінің арасында ұйымдастырылды.
Этнофестиваль төрт бағыт бойынша өткізілді: «Ұлттық тағам», «Ұлттық ән», «Ұлттық би» және ұлтпен таныстыру. Әр мектеп оқушылары ата-аналармен және мұғалімдермен бірге елімізде тұратын ұлттарды таңдап, мәдениетін, салт-дәстүрін, тағамдарын, әндерін және ұлттық билерін көрсетті.
Музыка пәнінің мұғалімдері, жетекші хореограф, білім беру қызметкерлерінің арасындағы ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысушылардың өнеріне баға берді.
Байқаудың нәтижесінде барлық қатысушылар номинация бойынша білім бөлімінің мадақтама грамоталарымен марапатталды. Жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Жамбыл орта мектебі ие болды. Екінші орынды Малыбай орта мектебі, үшінші орынды Шәмші бастауыш мектебі иеленді.