Қауіпті хабарлама: Павлодарда шетелдік әйел адамды аңдыған

Қауіпті хабарлама: Павлодарда шетелдік әйел адамды аңдыған
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Олар бұрын бірге өмір сүрген, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше,  әйел адам тәртіп сақшыларынан көмек сұрап, шетелдік азаматына қатысты шаралар қабылдауды өтінген. 

– Ер адам ажырасқан соң оның соңынан қалмай, аңдуды жалғастырған, оған қауіп төндіретін хабарламалар жіберген, үнемі балағат сөздер айтып,  зорлық-зомбылықпен қорқытқан, – дейді департаментте. 

Тәртіп сақшылары шетелдіктің ҚР аумағында болу мерзімін бұзғанын анықтады. Сондай-ақ оны ұстап, әкімшілік жауапкершілікке тартылған және кейіннен елден шығарып жіберген. Шетел Республикасының Елшілігінде одан әрі құжаттау үшін қабылдағыш-таратқышқа орналастырылды.

Айта кетерлігі, әйел адам бұған дейін мәселе шешімін табады деген үмітпен қоқан-лоққылар жайлы шағыммен полицияға жүгінбеген.