Ақсуға қоныс аударған отбасы баспаналы болып, жұмысқа орналасты

Ақсуға қоныс аударған отбасы баспаналы болып, жұмысқа орналасты
Иллюстрация: жасанды интеллект

Отбасы ерікті қоныс аудару бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдауға ие болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, Күндузой Джалғасбекова жолдасы және ұлымен бірге ерікті қоныс аудару бағдарламасы бойынша Павлодар облысының Ақсу қаласына көшіп келген.

Отбасына қоныс аударуға субсидия және тұрғын үйді жалға алу шығындарын өтеуге материалдық көмек берілді. Сондай-ақ баспана сатып алуға арналған экономикалық ұтқырлық сертификаты ұсынылды.

Ақсу қаласының Мансап орталығы Күндузой Джалғасбековаға жұмысқа орналасуға көмектескен. Қазір ол Ақсу қалалық орталық музейінде еңбек етеді.

– Ақсу қаласының Мансап орталығына жұмыс іздеп бардым. Маған Ақсу қаласындағы музейден жұмыс ұсынды. 2026 жылғы 16 сәуірде жұмыс іздеп барған болатынмын. Сол күні жұмыс тауып беріп, 17 сәуірден бастап ресми түрде жұмысқа кірістім, – деді Күндузой Джалғасбекова.

Министрліктің мәліметінше, отбасыға көрсетілген қолдау ерікті қоныс аудару бағдарламасы аясында жүзеге асырылған.