Павлодарда тегін қазақ тілі курстары басталды
Биыл курста 480 адамды оқыту жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен «Ана тілі» орталығында барлық санаттағы азаматтарға арналған тегін қазақ тілі курстарының бірінші маусымы бастау алды.
– Оқыту барысында тыңдаушылар күнделікті өмірде кездесетін қарапайым қарым-қатынас фразаларын қолдануды, қарапайым мәтіндерді аударуды, жай сөйлемдерді құрастыруды үйренетін болады, – деді басқармада.
Курстың соңында тыңдаушыларға сертификат табысталады.
Айта кетейік, 2022 жылы облыс бойынша мемлекеттік бағдарлама шеңберінде қазақ тіліне барлық санаттағы 6100 азамат тегін оқытылды.
Бүгінгі күні облысымыздың қала, аудандарында қазақ тілін тегін оқыту курстары басталып, жұмыстар жүргізілуде.
61-84-88 телефоны арқылы тегін қазақ тілі курстарына жазылуға және қосымша ақпаратты алуға болады.
Фото: облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы