Екібастұзда екі мыңға жуық жүргізуші тұрақ ережесін бұзған

Екібастұзда екі мыңға жуық жүргізуші тұрақ ережесін бұзған
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Көлікті дұрыс қоймау тұрғындар мен жедел қызметтердің қозғалысына кедергі келтіруі мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері көлікті тоқтату және тұраққа қою ережелерін бұзғаны үшін екі мыңға жуық жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осындай жағдайлардың бірі Екібастұз қаласындағы Мәшһүр Жүсіп көшесінде тіркелді. Тұрғындар полицияға хабарласып, автокөліктің үй кіреберісіне апаратын жолды бөгеп тұрғанын айтқан.

Полицейлер көлік жүргізушісін анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Полиция көлік иелерін тұраққа рұқсат етілген орындарды таңдауға және басқа жол қозғалысына қатысушыларына, коммуналдық немесе жедел қызметтерге кедергі келтіретін жерлерде автокөлік қалдырмауға шақырды.