Ақсуда қос мереке – қала күні мен Металлургтер күні аталып өтті

Ақсуда қос мереке – қала күні мен Металлургтер күні аталып өтті
Автордың фотосуреті

Орталық алаңда ұйымдастырылған салтанатты шарада концерт қойылып, еңбек адамдарына құрмет көрсетілді,  деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыс әкімі Асайын Қуандықұлы тұрғындарды қос мерекемен құттықтап, Шаһардың даму көрсеткіштеріне тоқталды. Оның айтуынша, соңғы жылдары қалада бірқатар маңызды жобалар іске асқан: «Достық» стадионы жаңартылды, 360-тан астам пәтер тапсырылды, Мұз аренасы ашылып, 500-ден астам бала спортпен айналысуда, Орталық саябақ, жаңа бассейн және балабақша мен мектеп күрделі жөндеуден өтуде.

Баршаңызды Ақсу қаласының туған күнімен және металлургтердің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Қаланың әрбір жетістігі сіздердің ерен еңбектеріңіздің нәтижесі. Сол үшін баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін, – деді қала басшысы өз құттықтауында.

Салтанатты кеште облыс пен қаланың дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды. Олардың қатарында металлургтер, инженерлер, мұғалімдер, балабақша мен коммуналдық сала қызметкерлері бар.

Салтанатты рәсімде Ақсу ферроқорытпа зауытының бригадирлері – Рахметолла Қайырқұлов пен Мұрат Асанов облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Мереке соңында қала тұрғындары концерттік бағдарламаны тамашалап, естелік суретке түсті.