Павлодарлықтарды грэпплингтен шеберлік сағатына шақыруда

Павлодарлықтарды грэпплингтен шеберлік сағатына шақыруда
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Шеберлік сағатын Қазақстан және Азия чемпионы, жоғары санатты жаттықтырушы өткізеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жастар бастамаларын дамыту орталығының мәліметінше, 21 шілде күні «BEK TEAM» командасымен бірлесіп грэпплинг бойынша мастер-класс өтеді. Іс-шара Ломов көшесі, 38 мекенжайында сағат 20:00-де басталады.

Мастер-классты Заирбек Әбілқадыров жүргізеді. Ол «BEK TEAM» академиясының негізін қалаушы, Павлодар облысы бойынша UWW грэпплинг федерациясының президенті және грэпплингтен аға жаттықтырушы болып табылады. Заирбек Ғабдынасырұлы – жоғары санатты, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы және Қазақстан чемпионы, – дейді ұйымдастырушылар.

Шеберлік сабағына қатысу үшін 8 (747) 714-10-27 телефоны арқылы толық ақпарат алып, тіркелуге болады.