Ақсуда «Сарыарқа» фермерлер базарының құрылысы қалай жүргізілуде?

Ақсуда «Сарыарқа» фермерлер базарының құрылысы қалай жүргізілуде?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қазіргі уақытта ғимараттың қасбеті бойынша жұмыстар аяқталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ақсу қаласының әкімі Болатбек Шәріпов «Сарыарқа» фермерлер базарының ғимаратына барды. 

– Қазіргі уақытта ғимараттың қасбеті бойынша жұмыстар аяқталды, пластикалық терезелер, жылыту радиаторлары орнатылды. Іргелес аумақта ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу үшін металл қаңқа орнату жоспарлануда, – деп жазды Болатбек Шәріпов парақшасында.

Бұдан бөлек, ол қала бойынша жұмыс сапары кезінде пәтерлердегі төмен температуралық режимге қатысты түскен өтініштерге байланысты Строителей көшесі, 43, мекенжайы бойынша көпқабатты үйлердің тұрғындарымен кездесті.

К. Маркс көшесі мен Астана көшесі бойынша су құбыры желілерін салу бойынша жұмыстардың барысымен танысты.  

Мұз айдыны құрылысының барысын тексерді. Әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Жақын арада мұз жамылғысын сынау басталады. Қала әкімі аралау қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар берді.

Еске сала кетейік, Ақсуда фермерлік базар салу мақсатында алаңы 0,3 гектар  жер таңдалған.