Ақсуда жылу беру параметрлері төмендеді

Ақсуда жылу беру параметрлері төмендеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жылумен жабдықтау параметрлерін қалпына келтірудің болжамды уақыты  - екі-үш сағат, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ақсу қаласы әкімдігінің мәліметінше, 25 желтоқсан күні сағат 07:00-де «Казхром» ТҰК» АҚ АФЗ РОК-2 қазандығындағы №5 және №6 желілік сорғылардың бекіту арматурасы істен шыққан. Салдарынан аталмыш желілік сорғылар жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін тоқтатылды. Сондықтан Ақсу қаласының жылумен жабдықтау желілерінде жылу беру параметрлері төмендеді.

Сол жерде Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов болып қайтты.

25 желтоқсан күні сағат 09.30-дағы жағдай бойынша істен шыққан ысырмаларды жөндеу жұмыстары аяқталды, жылу желісінің параметрлері қалпына келтірілуде.