Ақтоғай ауданында бірқатар ауылдарда жарық уақытша өшіріледі

Аудан аумағындағы қосалқы станцияда жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Электр энергиясы келесі ауылдарда уақытша өшіріледі:
4 тамыз күні сағат 14:00-ден 20:00-ге дейін – Жалаулы ауылдық округінің Жалаулы ауылында,
6 тамыз күні сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін – Ақжол және Жолболды ауылдық округтеріне қарасты Ақжол, Барлыбай, Разумовка, Жолболды ауылдарында,
7 тамыз күні сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін – Жалаулы ауылдық округінің Балтасап, Қарасу, Қырықүй, Шолақсор ауылдарында жарық болмайды.
Тұрғындардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, қажетті дайындық шараларын алдын ала қабылдауы сұралады.