Павлодардың бірнеше шағын ауданында ыстық су уақытша өшірілді

Павлодардың бірнеше шағын ауданында ыстық су уақытша өшірілді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жылу желілеріне сынақ жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 сәуір мен 1 мамыр аралығында қаланың оңтүстік және шығыс бөліктеріндегі тұрғын үйлерде ыстық су беру тоқтатылады.

«Алюминий Казахстана» АҚ-ның 1-ЖЭО аймағындағы құбырлардың беріктігі тексеріледі. Шектеулер 29 Қараша, Естай, Абай, Кривенко, Малайсары батыр және Қамзин көшелерінің аралығын қамтиды.

Сонымен қатар ыстық су 2-ші Павлодар, Шығыс, Усолка, Саяжай, Достық және Сарыарқа шағын аудандарында болмайды.

– Сынақтан сәтті өткен (ақаулар анықталмаған) учаскелерде жұмыстар аяқталып, жүйе толтырылғаннан кейін 3-5 күн ішінде ыстық су қайта беріледі. Желілерінде ақаулар анықталатын үйлерде ыстық су жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін қосылады, – делінген хабарламада.

Мамандар қала тұрғындарына жылу желілері өтетін жерлерде абай болуды ескертеді. Нақты қай мекенжайларға қашан су берілетіні сынақ қорытындысы бойынша кейінірек жарияланбақ.

Кандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда тұрғындар «ПТС» ЖШС диспетчерлік қызметіне 57-07-51 нөмірі немесе 66-61-68, 62-06-71 желілері арқылы хабарласа алады.