Ақтоғай ауданының екі ауылында жол жөндеу жұмыстары жалғасуда

Ақтоғай ауданының екі ауылында жол жөндеу жұмыстары жалғасуда
Фото: Константин Шелков

Аудан әкімі Қаршыға Арынов кезекті жұмыс сапары барысында ағымдағы жұмыстарды тексерді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Бұл туралы Қаршыға Арынов Instagram-парақшасында айтты.

– Жаңаауыл және Қараоба ауылдары арасындағы автожолды жөндеу жұмыстары жалғасуда. Тексеру барысында қиыршықтасты орналастыру бойынша ескертулер анықталды. Мердігерге жол жамылғысының сапасын қамтамасыз ету үшін ағымдағы жылдың 15 қыркүйегіне дейін анықталған кемшіліктерді түзету тапсырылды, – дейді әкім әлеуметтік желі парақшасында.

Оның айтуынша, Жамбыл ауылында да су құбырын салу жұмыстары аяқталу сатысында тұр. Суды алдын ала іске қосу ағымдағы аптаның соңына жоспарланған. Жақын арада су құбырының барлық трассалары толтырылады. Содан кейін судың сапасын тексеру үшін санитарлық-эпидемиологиялық қызметке тексеруге жіберіледі.

Сондай-ақ, Жоламан ауылында су қабылдағышта автоматика және құдықтарда өрт гидранттарын орнату жұмыстары белсенді түрде жалғасуда.