Павлодарлықтар кәріс стрит-фуд тамақтарынан дәм тата алады

Павлодарлықтар кәріс стрит-фуд тамақтарынан дәм тата алады
Фото:pixabay.com

Кәріс тағамдарының жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

14 қыркүйекте сағат 16:00-де Қ.Әбусейітов атындағы мәдени-сауықтыру орталығында кәріс мәдениетіне арналған фестиваль өтеді. 

Астаналық әртістер – «Чен-рю» кәріс халық хоры, «Мисон» халық би ансамблі, кәріс барабаншылардың ансамблі, K-pop топтар «Xplosion» және «Koomiho» гала-концерт қояды. 

Ал сағат 15:00-де кәріс стрит-фуд тамақтарының және тауарлардың жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Билеттерді +77022106817 нөмірі бойынша алуға болады.