Абай облысында "Семей орманы" аумағында тағы да өрт шықты
Беген орманшылығы аумағында құрғақ шөптер мен ағаштардың жануы тіркелді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бүгін яғни 15 шілде күні, Абай облысы ТЖД "Семей орманы" МОТР қызметкерлерінен 11:40-та 57 және 58 орамдарда өрт шыққаны туралы ақпарат келіп түскен.
Сағат 11:52-де оқиға орнына ТЖМ бөлімшелерінің күштері мен құралдары, облыстың ТЖД, ТЖМ 68303 әскери бөлімінің, ШҚО ТЖД жеке құрамдарының 100 адамы және 20-дан астам техникасы жіберілді.
- Өртті жедел сөндіру жәрдемдесу мақсатында ТЖМ авиациясы жіберілді. Қазіргі уақытта "Семей орманы" МОТР ақпараты бойынша өрт 20 гектар аумаққа тараған, - делінген хабарламада.
Төтенше жағдай орын алған аумақ жанында "Шошқала" демалыс аймағы орналасқан. ТЖД және ПД күштерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Даланы түтін басуына байланысты демалушыларға демалыс аймағынан шығу ұсынылды.
Оқиға орнына ТЖ министрі Сырым Шәріпханов аттанды.