Акула туристі жеп қойды

Акула туристі жеп қойды

Багам аралдарының жағажайында дайвингпен айналысқан неміс әйелді акула су астына тартып кетті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

"Кельн Штадт Аншлагер" басылымының мәліметінше, жантүршігерлік оқиға сәрсенбіде жергілікті уақыт бойынша шамамен 10:30-да Гранд Багам аралының батыс бөлігіндегі Тайгер-Бичтің Вест-Энд жағажайында болған.

47 жастағы әйел дайвингпен айналысқан. Бұл аймақта негізі дайверлер көп жүзеді. Алайда суға түскеннен кейін топтағы басқа туристер әйелді акула тартып кеткенін аңғарған. Басында ол судың бетіне шыққан, сосын лезде су астына кеткен. Содан бері әйелді көргендер болмады.

Жағалау күзеті мен полиция әйелді іздестіріп жатыр, алайда тек оның жұлмаланған киімі табылған. Бірнеше күн өтуіне байланысты, оның денесін табу қиынға соққан.