Алматыда жаңа стадион салынады

Алматыда жаңа стадион салынады
Фото:pixabay.com/picselweb

Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.kz.

Алматыда жаңа стадион құрылысы жоспарланған. Сондай-ақ жеті қалада жеті стадион салуға арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Биыл күзде Қызылордада УЕФА стандартының үшінші санатына сай келетін стадион пайдалануға беріледі, – деді Ербол Мырзабосынов Парламенттің бірлескен отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Оның айтуынша, аталған бастама Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында қолға алынды.

Жобалау жұмысы аяқталғаннан кейін стадиондардың құны белгілі болады. Жалпы Мемлекет басшысы шетелдегі жекеменшік клубтардың тәжірибесіне сүйене отырып, стадионды мемлекеттік қаржы есебінен қаржыландырмау жөнінде міндет қойды, – дейді ведомство басшысы.