Асайын Байханов екібастұздықтардың сауалдарына жауап береді

Асайын Байханов екібастұздықтардың сауалдарына жауап береді
Фото: Валерий Бугаев

Облыс әкімінің қатысуымен болатын жүздесу онлайн көрсетіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес 24 желтоқсан күні сағат 11:00-де «Өнер» мәдениет үйінде облыс әкімі Асайын Байхановтың Екібастұз қаласының тұрғындарымен тұрақты кездесуі өтеді.

Кездесу облыс әкімдігінің Instagram әлеуметтік желісіндегі @pavlodar_region ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Эфир кезінде пікір жазу функциясы спикерлердің сөз сөйлеуі кезінде өшіріліп, сұрақ-жауап сессиясы кезінде қосылатын болады.