Павлодарға Ninety one тобы келеді

Павлодарға Ninety one тобы келеді
Фото: Әлеуметтік желіден алынған

Бұл жолы Q-pop жұлдыздары «Ertis Promenade» сахнасында өнер көрсетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мәліметінше, биылғы жылдың 9 маусымы күні «Ertis Promenade» сахнасында жұлдыздардың қатысуымен концерт өткізіледі. 

Бұл кеште балалардың көңілін көтеру үшін аниматорлар, «Тұмар» балалар хоры және Ninety one тобы өнер көрсетеді. 

Концерт жұма, яғни, 9 маусым күні сағат 19:00-де басталады.

Естеріңізге сала  кетейік, 11 маусым күні сағат 12:00-де жағалаудағы ашық аспан астындағы сахнада «Күлтегін» мультфильмі көрсетіледі. Ал сағат 20:00-де көрермендер «Ұлы дала таңы» кинофильмін тамашалай алады.